12
Мамыр

«Ақ жол» депутаттары Орал қаласында еңбек ұжымымен кездесті

12 мамыр 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаты болып сайланған Дания Еспаева мен Ерлан Барлыбаев жұмыс сапарымен Орал қаласына табан тіреді.

Қос депутат ең алдымен студенттермен кездескен еді. Кездесулер легі "Орал сауда-өнеркәсіп" кәсіпорны қызметкерлерімен жүздесумен жалғасты.

Жиын барысында мәжілісмендер 5-ші маусымда өтетін референдумның не үшін ұйымдастырылатынын түсіндіріп берді. Жалпы кездесу өткен зауытта 160 астам азамат жұмыс жасайды.

Бүгінде өндіріс ошағы су, газбен жабдықтаумен айналысып, телекоммуникация жүйелеріне арналған полиэтилен құбырларын, металл плиткаларын жасайды.

Мәжіліс депутаттарының Ақжайық өлкесіндегі кездесулер әліде жалғасады. Олар еңбек ұжымдарында референдумға байланысты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады.