16
Мамыр

"Ақ жол" депутаттары Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарының тұрғындарымен кездесті

16 мамыр 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан бойынша филиалы

"Ақ жол" партиясының депутаттары Берік Дүйсембинов пен Айгүл Жұмабаева Шығыс Қазақстан облысының шалғай орналасқан ауылдарын аралады.

Аягөз, Тарбағатай, Өркен ауылдарының тұрғындарымен кездесулерде мәжілісмендер алдағы референдум туралы айтып, Конституцияға енгізілген негізгі түзетулермен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.

Кездесуге қатысушылар өздері үшін өткір болып тұрған мәселелер, соның ішінде: жер және пайдаланылмайтын жерлерді қайтару механизмдері, жануарлар аурулары және ветеринарлық көмек, байланыс және интернет мәселелері туралы айтып берді.

Ауыл тұрғындары бюджет қаражатын тиімсіз бөлуге ерекше назар аудартты. Шағын ауылдарда үлкен мектептер салынып, су құбыры тартылған, онда су мәселесі ұңғымалар арқылы шешілген. Алайда оларға жақсы жолдар, спорт залдары қажет.

Олар баламалы негізде әкімдердің сайланбалылығы туралы жаңалықтарды зор ықыласпен қарсы алады. Алайда, ауыл әкімдерінің айтуынша, инфрақұрылымды қолдау үшін бюджет болуы тиіс, техника да қажет.

Жалпы, ауыл тұрғындары жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау білдірді.

"Осы өзгерістермен қатар ауылдағы жағдай да жақсарады деп үміттенеміз", - деп атап өтті ауыл тұрғындары.