25 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Дәния Еспаева нан-тоқаш өнімдерін өндіретін «Атамекен-нан 2000» ЖШС ұжымымен кездесті.
Кездесуде нан-тоқаш өнімдерін өндіру цехының жұмысымен танысып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, ұнды субсидиялау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, компания қызметкерлері ипотека және автонесиелеу бойынша % мөлшерлемесі бойынша мәселелерді көтерді.
Одан әрі Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен жүздесіп, Ақтөбе облысының әлеуметтік және экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылады.
Мұнан соң Мәжілісімен «Алтынай» оқу орталығына барып, ұжыммен әңгімелесті. Оқу орталықтың басшысы Гүлнар Көптілеуова кәсіп жүргізу мен жалпы білім берудің проблемаларын айтты.
Сондай-ақ депутат«Мұнайгаз құрылысы» ЖШС басшылығының мәселесін тыңдады.
Компания құрылыс саласында көп жылдар бойы жұмыс істеп, 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Серіктестік басшысының айтуынша, компания қазіргі таңда жосықсыз жеткізушілер санатына негізсіз жатқызу проблемаларына тап болған. Дәния Еспаева ұсынылған құжаттар негізінде талдау жүргізетінін жеткізді.