9 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы
Халық қалаулысы аймаққа жасаған сапары аясында «Фабрика ПОШ-Тараз» фабрикасының өндіріс ошағымен танысып, жұмысшыларымен кездесті. Кәсіпорынды аралап көрген депутат бірқатар мәселелерге назар аударды. Фабрика ұжымы шикізат табу қиынға соғып тұрғанын, істі ілгерілету үшін мемлекет тарапынан қаржылай қолдау қажет екенін тілге тиек етті.
Мұнан соң депутат Жамбыл ауданында орналасқан «Super Farm» ЖШС-на барды. Медициналық бұйымдар өндіретін нысанның тіршілігі бүгінде қызып тұр.
Сондан кейін партия филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізіп, тараздықтардың жеке және тұралап қалған кәсіпкерлік нысандарына қатысты мәселелерін тыңдады.