12 сәуір 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының мәслихат депутаты Берік Тілебаев Байзақ ауданының емдеу мекемелерінің жағдайымен танысты.
Елімізде COVID-19 жағдайы жақсарғанына қарамастан, облыстың емдеу мекемелерінің тұрғындарға қызмет көрсету сапасы, олардың материалдық – техникалық жарақтандырылу жағдайы және медицина саласына бағытталған қаражаттың тиімді жұмсалу мәселесі әлі де өзекті. Оның үстіне шығыстағы көршілердегі эпидахуал алаңсыз отырмау керек екенін ескертеді.
Елді мекендердегі емдеу мекемелерінің жай-күйін зерделеу үшін Жамбыл облыстық мәслихатының депуттары екі топқа бөлініп аудандарды аралауда.
Топтың құрамындағы "Ақ жол" партиясының мәслихат депутаты Берік Тлебаев Байзақ ауданындағы емдеу мекелерінің жағдайымен танысты.
Аудан тұрғындары тарапынан ауылдық жерде медициналық жаңа технологияның тілін білетін маман жоқ деп жиі сын айтылады. Медицина ұйымдарын аралағанда Берік Тлебаев осы мәселеге назар аударды.