24
Желтоқсан

"Ақ жол" партиясының Мәжіліс депутаттары А.Перуашев пен Е.Барлыбаев Қостанай облысына іссапармен барды

https://t.me/peruash/3667

Кеше Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Мәжілістің Аграрлық комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев және "Ақ жол" демократиялық партиясы филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Махаббат Жұтаевпен бірге Beef export group ірі ет комбинатының техникалық іске қосылуына қатыстық. Құны 7,2 млрд теңге болатын инвестициялық жоба 11 гектар жерді алып, өндірістік алаңы 18 мың шаршы метрді құрайды, комбинат жаңа еуропалық жабдықпен жабдықталған және "Жасыл экономика" талаптарына сай өндірістің тұйық циклін қарастырады. Бұл "Даму" қорының қолдауымен салынған АӨК саласындағы ірі жобалардың бірі.

Компания Ресей, ҚХР, Пәкістан және БАӘ-не (салқындатылған және мұздатылған ет) өнімдер экспортына сертификаттар алып үлгерді.

Компанияның еңбек ұжымы мен басшылығын айтулы шарамен құттықтадық. Ал Ерлан Барлыбаев ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігі мен қолдауының маңызды факторы ретінде тауар жеткізушілермен және серіктестермен ашық және адал қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударды.

https://t.me/peruash/3673

«Агромашхолдинг» компаниясының Локализация орталығы басшылығы және мамандарымен кездестік. Кәсіпорын ауылшаруашылық техникасы мен қондырмалы құралдар шығаруға арналған, бірқатар технологиялық операцияларды қолдана отырып, бөлшектер мен тораптар өндірісін игеруде.

«Ақ жол» ҚДП фракциясы бастамашы болған «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға енгізілген түзетулерден кейін мұндай кәсіпорындар жаңа технологиялық операцияларды игеріп, жергілікті қамту үлесін ұлғайтулары керек, онсыз бұл кәсіпорындар алған жеңілдіктерді мемлекетке қайтаруға міндетті болады.

Зауыт директоры Динара Шүкіжанованың айтуынша, бұл шарттарды орындау қосымша құзыреттер мен күш-жігерді қажет етеді, бірақ ұжым бұл шаралардың барлығы ұлттық экономикалық мүддеге сай келетінін түсінеді.

Сондай-ақ, қостанайлық кәсіпкерлердің КамАЗ холдингімен бірлесіп салып жатқан соңғы жетек зауыты мен құймалар цехының құрылыс барысымен таныстық.

https://t.me/peruash/3674

Бүгін жол құрылысы мен жөндеу, қаланы абаттандыру саласында жұмыс істейтін «АБЗ+» кәсіпорнының ұжымымен кездестік.

Өткен жылы «Ақ жол» ҚДП депутаттары бұл компанияны (500-ге жуық қызметкері бар) салық органдарының қате әрекеті салдарынан банкроттыққа ұшыраудан шын мәнінде сақтап қалды.

Компания иесі Мендыбай Омаровтың айтуынша, біздің қорғауымыздың арқасында биыл ЖШС жұмыс көлемін ұлғайтып, қызметкерлерінің жалақысын көтерді, ал 2022 жылға бұрынғыдан 50%-ға артық келісім-шарттарға қол қойды, соған байланысты жаңа жұмыс орындарын ашуда.

Директор Николай Лобанов пен еңбек ұжымы «Ақ жол» ҚДП-на ең қиын сәтте көмек көрсеткені үшін үлкен алғысын білдірді; 2021 жылдың қорытындылары туралы айтып, компанияны одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісті.

Мен компанияға біздің қолдауымызды ұмытпағаны үшін алғыс айттым. Аталмыш ұжымды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, жаңа жылда денсаулық пен табыс тіледім. Бір топ жұмысшыларға партияның мүшелік билеттерін табыстадым.