12 мамыр 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының ШҚО филиалы
ҚР Парламенті Мәжілісінің "Ақ жол" фракциясының депутаттары Берік Дүйсембинов пен Айгүл Жұмабаева халықпен кездесу үшін жұмыс сапарымен ШҚО-ға келді.
Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өткен бірінші кездесуде депутаттар 5 маусым күні өтетін референдумда дауыс беру, мемлекеттің саяси жүйесінің қайта құрылуы, ҚР Конституциясына ұсынылған түзетулер туралы айтып берді.
Депутаттар хабарлағандай, жұмыс тобы негізгі Заңның 33-бабына түзетулер дайындады. Мәселен, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасына мынадай өзгерістер енгізілді: Қазақстан Республикасының Президенті саяси партияда тұрмауы тиіс; Қазақстан Президентінің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ. Ел Президенті облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің шешімдерінің күшін жоймайды, мұны Конституциядан алып тастауды ұсынады.
Конституциялық Кеңес конституциялық сот болады, онда елдің қатардағы азаматтары өз құқықтарын қорғай алады. Конституциялық соттың, Жоғарғы Соттың және басқа да соттардың төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, республиканың жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері саяси партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс.
Сенаттың он депутатын Республика Президенті, оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындайды.Мәжіліс Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша бара-бар өкілдік жүйесі бойынша, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 98 депутаттан тұратын болады. Бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған, олардың үмітін ақтамаған депутатты сайлаушылар кері қайтарып ала алуы болжанып отыр.
Есеп комитетінің орнына жоғары аудиторлық палатаны құру ұсынылады, өңірлердің бюджеттері ғана емес, квазимемлекеттік сектор да есеп беретін болады. Мәжіліс жылына екі рет жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін тыңдайды және т.б.
Депутаттар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстарды тыңдады. Көтерілген мәселелердің қатарында ТКШ, МИБ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да мәселелер бар.
Сондай-ақ, Өскемен қаласында "Ақ жол" демократиялық партиясы ШҚО филиалының активімен және заңгер-сарапшылармен кездесулер өтті.
Депутаттардың жұмыс сапары өңірдің басқа елді мекендерінде жалғасын табады: Жарма ауданындағы Қалбатау және Үш Биік ауылдары, Аягөз ауданындағы Аягөз қаласы мен Тарбағатай ауылы.