28
Шілде

«Ақ жол» партиясының Мәжіліс депутаты Андрей Линник Семей қаласы тұрғындарының өтініші бойынша қалалық көлік мәселесін зерттеп, қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлермен кездесті

2021 жыл 28 шілде, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Семей қаласы тұрғындарының өтініші бойынша «Ақ жол» демократиялық партиясынан Мәжіліс депутаты Андрей Линник өткен аптада осы қалаға барып, қоғамдық көлік мәселесін зерттеп, тамақтану саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлермен кездесіп қайтты.

Айта кетейік, бұған дейін фракция депутаттары А.Линник (31 наурыз) және С. Ерубаев (14 сәуір) Үкіметке мемлекеттік-жекешелік әріптестік және Семей қаласы әкімдігінің МЖӘ аясында әлеуметтік автобус жолаушылар тасымалын субсидиялау бойынша міндеттемелерін орындамауы мәселелері бойынша депутаттық сауалдар жолдаған болатын. 

Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде «Ақ жол» партиясына жүгінген семейліктер «Семей Бус» автопаркі жұмысының мәжбүрлі тоқтауына байланысты қалалық тасымалдау бойынша мәселенің жалғасып жатқаны туралы хабарлады. Автопарктің жаңа автобустарының орнына бір кездері маршруттардан шығарылған ескі автокөлік құралдары (және жеткіліксіз мөлшерде) қайтадан оралған. Сондай-ақ аялдамаларда қоғамдық көлікті күту уақыты жарты сағат немесе одан да ұзақ уақытқа өсті, бұл такси бағасының айтарлықтай өсуіне әкелді.

Осыған байланысты қала тұрғындары депутат А. Линниктің жағдаймен жеке танысуы үшін Семейге жіберуді сұрады.

Өткен аптада депутат Семей қаласына барып, онда өз бетінше, ешкімнің сүйемелдеуінсіз қалалық автобустарда ең көп жүретін бағыттар қатарын (базардан, теміржол вокзалынан, сондай-ақ ең ұзын 32 шақырымдық 5-ші маршрут бойынша) аралады. Жол бойында Андрей Линник аялдамаларға тоқтап, көлік күтіп тұрған қала тұрғындарымен сөйлесті. 

Адамдар туындаған қолайсыздықтар, күту уақытының едәуір өскені туралы айтып, шағымданған. Әкімдік уақытша жұмысқа тартқан тасымалдаушы – «Бірінші автобус паркі» ЖШС жолаушылар ағынын әлі еңсере алмай отыр. «Бірінші автобус паркі» ЖШС ескі автобустарының техникалық жағдайы мен билеттеудің электрондық жүйесінен бас тартуы да тұрғындардың наразылығын тудырады.

Сонымен бірге, тағы бір, жалпы алғанда үшінші автопаркті тартқаннан кейін, автобустар арасындағы интервалдар азайған, дегенмен бұл қалыпты қозғалыс жиілігін қамтамасыз етпейді.

Қаланы аралап шыққаннан кейін «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілі «Семей Бус» автопаркінде болды. Онда директор Болат Қылышбеков кәсіпорынға қиындық әкелген жағдай туралы егжей-тегжейлі айтып берді. МЖӘ аясында сатып алынған жасыл түсті 170 жаңа автобус серіктестер: Семей қаласы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасы (49,5%) және жеке инвестор (41,5%) арасындағы жанжалға байланысты жұмыс жасап тұрған жоқ.

МЖӘ шартына сәйкес, ЖШС қаладан 1 млрд 360 млн теңге көлемінде субсидия алуы тиіс еді, бірақ әкімдік оны төлеуден бас тартып, автобустарды басқа, толықтай жеке кәсіпорын – «Бірінші автобус паркіне» беруді талап етті. Бірінші инстанцияның сот шешімі шығарылды, сот процесі жалғасуда (мыңдаған адамдар, жалпы қалалық инфрақұрылым зардап шегуде). Әзірге қарсы тұру нәтижесінде ЖШС-тің 354 қызметкері, атап айтқанда жүргізушілер мен механиктер жалақысыз қалды.

ЖШС басшылығы депутатты ШҚО бойынша Бәсекелестікті қорғау агенттігі департаментінің 2021 жылғы 19 шілдедегі хабарламасымен таныстырды. Онда «Семей Бус» ЖШС-мен шартты бұзу кезінде әкімдік жіберген заңнама бұзушылықтары көрсетіледі, кәсіпкердің пікірінше, бұл жеке сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеуге лайық іс.

А. Линник «Бірінші автопарк» басшысы Григорий Пинчукпен де кездесті. Г. Пинчук егер «Семей Бус» валидатор арқылы карточкалармен төлемді қабылдаса, онда олар қолма-қол ақшамен қабылдауда және осының арқасында жол жүру құнын төмендетті деп хабарлады. 1 қыркүйекке дейін ол автобустардың жүру аралығын қысқартуға уәде береді, бұл бүгінде қала тұрғындарының ең үлкен сынына әкеледі.

Барлық автопарктер соңғы айларда отын бағасының өсуіне сілтеме жасағандықтан, депутат  сондай-ақ отынның негізгі жеткізушісі және Семей қаласындағы қалалық автопарктерге қызмет көрсететін ең ірі ЖҚС желісінің өкілі Владислав Ахметовпен кездесті. В.Ахметов ЖЖМ қымбаттауына байланысты мемлекет жолаушылар тасымалына демеуқаржы бөледі деп күтуде.

А. Линник Семей қаласының рестораторлар қауымдастығындағы қоғамдық тамақтану орындарының басшыларымен де әңгімелесті. Кездесу өңірдің коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» енгізілуімен тұспа-тұс келді. Кәсіпкерлер 17.00-ден кейін жұмысқа тыйым салынғанын хабарлады, тіпті «Ashyq» жүйесі жұмыс жасап тұрғанына және қызметкерлер толық вакцинацияланған болса да. Қауымдастық мұндай шараларды шамадан тыс және негізсіз деп санайды. Кәсіпкер Виталий Ушаков атап өткендей, кафелер мен мейрамханалар екінші жылы тоқтап тұр, көбісі іс жүзінде күйреп, қызметкерлерді таратуға мәжбүр. Сондай-ақ, мониторингтік топтардың іс-қимылы, сондай-ақ ШОБ-тың заңсыздық жағдайында өз құқықтарын қорғауға іс жүзінде мүмкін еместігі мәселелері туындайды. Қорғау үшін құрылған және әсіре жарнамаланған сайттар жай ғана жұмыс жасамай тұр.

Сапар қорытындысы бойынша «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттық фракциясы уәкілетті органдарға сауалдар мен өз ұсыныстарын дайындайды.