21 тамыз 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясының Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Тұрсынбаев "ТЕМІРМАШ" Павлодар зауыты" ЖШС-де болды. Бұл кәсіпорын автокрандар, экскаваторлар, тіркемелер, жылжымалы зертханалар және т.б. өндірумен айналысады.
Зауытта 218 қызметкер жұмыс істейді. Кездесу барысында депутат Мақсат Раманқұлов "Ақ жол" партиясының мемлекеттік сатып алулар жүйесінде отандық өндірушілерді қолдау, ұлттық компанияның сатып алулары, ЕАЭО серіктестерімен қарым -қатынастағы ұстанымы туралы айтты. Техникалық реттеу, қаржылық және салық саясаты мәселелерін де қозғады.
Кәсіпорын басшылығы «Ақ жол» партиясының отандық зауыттар дайын өнім өндіру үшін пайдаланатын шикізатқа, материалдарға, жабдықтар мен компоненттерге кедендік баж салығын төмендету жөніндегі ұстанымының өзектілігін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, басқа да өзекті мәселелер айтылды:
Кәсіпорын қызметкерлері қаланың тіршілігін қамтамасыз ету мәселелеріне де тоқталды: кейбір аудандарда ыстық судың болмауы, Кривенко көшесіндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеу, қала аумағындағы жағалауға баруға негізсіз тыйым салу, су арнасы, сауда және қызмет көрсету объектілерінің жұмысына шектеулер және т.б. мәлелелер.
Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қ.Тұрсымбаев жергілікті мәселелерді өз назарына алды.
Үкіметтік деңгейде шешуді талап ететін мәселелерге келсек, Мәжіліс депутаты М.Раманқұлов жиналғандардың ұсынылған барлық ұсыныстарын қорытындыланып, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясының қарауына ұсынылатынына сендірді, қажет болған жағдайда фракция оларды үкіметтің алдына қояды және заңнама мен мемлекеттік бағдарламаларға қажетті өзгерістерді енгізеді.