25
Қазан

"Ақ жол" партиясының мүшесі Ақбақай ауылдық округіне әкімі болып сайланды

https://t.me/peruash/3253

Кешегі өткен ауыл әкімінің сайлауында "Ақ жол" партиясының тағы бір мүшесі жеңіске жетті. Жамбыл облысы Ақбақай ауылдық округінде өткен сайлауға "Ақ жол" партиясы атынан түскен Жандос Садуовқа жерлестері сенім артып, ауыл әкімі болып сайланды. Бұл — "Ақ жол" партиясының ауыл әкімі сайлауында жеңіске жеткен он екінші үміткері! Бұған дейін биыл шілде айында өткен сайлауда он бір кандидатымыз әкім болып сайланған болатын.

Жандос Садуов 36 жаста,
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылының тумасы.
Білімі жоғары, «Құқықтану мен шет тілдер» мамандығын алған. 2007-2008 жылдары шекара қызметінде әскери борышын өтеді.

Еңбек жолын 2009 жылы мемлекеттік қызметте бастап, 2017-2019 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратында қаржы шаруашылығы бөлімінің басшысы, ауылдық округ әкімінің орынбасары болған.
2020-жылдан шағын және орта бизнеске көшіп, «Іңкәр» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі болды.
Үйленген, бір ұлы, екі қызы бар.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, халыққа адал қызмет етуіне тілектестік білдіреміз!