2021 жыл 16 қараша, "Ақ жол" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
2021 жылдың 16 қарашасында "Ақ жол" партиясы төрағасының Шығыс-Қазақстан облысы бойынша кеңесшісі, облыстық маслихат депутаты Т.Т. Қурмангалиев, облыстық маслихат хатшысы Д.С. Рыпаковпен бірге көпсалалы "Онкология және хирургия орталығының" жұмысымен танысты.
PACS "Akgun" орталықтандырылған жүйесі "КО және ХО" да орталықтандырылған мұрағатты орналастырумен, облыстың медициналық ұйымдарында сандық диагностикалық бейнелерді сақтау өңдеу және табыстау орталығы болып табылады.
Бас дәрігер Сагидулинаның айтуы бойынша технологияның артықшылықтары келесідей:
- тексеру орны мен науқастың тұратын жеріне қарамастан, мұрағаттық деректерді пайдалану мүмкіндігімен облыстың кез келген нүктесінен пациенттің медициналық ақпаратына қол жеткізу;
- "Жасанды интеллектті" қолдану дәрігердің назарын " потология аймағына" бағыттауға, осылайша диагностика процессін жылдамдатуға және емдеуді уақытылы бастауға мүмкіндік береді;
- суреттер бойынша қашықтықтан кеңес беру мүмкіндігі. Мысалы, қандайда бір аймақтық емдеу мекемесінде түсірілген сурет желі арқылы тез арада мамандар қатысатын орталық емдеу мекемесіне кеңес беру үшін жіберілуі мүмкін;
- күрделі диагностика жағдайында жүйеге кез келген кіру нүктесінен онлайн режимде түрлі мамандардың - рентгенолог, онколог, пульмонолог, фтизиатор және т.б. қатысуымен консилиумдер ұйымдастыру;
- пациентке медициналық көмекті жақындату мақсадымен қайталанатын тексерулерсіз диагностикалау уақытын қысқарту.
"КО және ХО" базасында пулмонологиялық кеңес құрылады және оның құрамына әртүрлі мамандар кіреді.
Бұл әр түрлі этиологиядағы тыныс алу органдарының ауруларын уақытылы диагностикалау, оның ішінде өкпенің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалау мәселелері бойынша облыс халқына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімдігін жақсартуға мүмкіндік береді.
PACS "Akgun" орталықтандырылған жүйесін жүргізу біздің үздік әлемдік жетістіктерге озық технологияларға ұмтылатынымызды куәландырады.