28 желтоқсан 2020 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы
ҚР Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев, Мәжіліс депутаттығына үміткер Алмаз Бадашев, партияның облыстық филиалының төрағасы Серік Мерғалиев бастаған «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Орал қаласындағы «Болашақ-Т» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын 1998 жылы құрылған, монолитті темірбетон конструкциялардан көп қабатты тұрғын үйлер, ғимараттар, мектептер, балабақшалар салады.
Шара барасында «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Бағдарламадағы басты бағыттар – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы жаңа деңгейге шығару, кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ білім беру жүйесін реформалау.
-Кәсіпкерлікті қолдау экономикалық әлеуетті дамытудың құралы ретінде ғана емес, ең алдымен жұмыссыздық мәселесін шешудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және қазақстандықтарды табыс көздерімен қамтамасыз етудің басты құралы ретіндегі маңызы зор. Біз саяси реформалар жүргізілмейінше экономикадағы өзгерістер болуы мүмкін еместігіне көзімізді жеткіздік. Бұл саясаттың және экономиканың монополиялануы мен мемлекет иелігінде қалуымен қатысты болып тұр. Бірақ, өз кезегінде, экономикалық қолдау болмаса, либералдық саяси реформалар ұрандар ғана болып қалмақшы. Сондықтан экономикалық реформалар саяси реформалардың материалдық мазмұны ретінде қажет – деді Ерлан Барлыбаев.
Мұнан соң үгіт-насихат тобы «Орал кабель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Партия өкілдері жұмысшылармен кездесуде сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы жоспарлары туралы айтты. Олар ұжымның әлеуметтік жағдайын сұрап, өндіріс барысын аралап шықты. Кездесуде жұмыссыздықпен күрес, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік мәселелер көтерілді. Сәйкесінше, кәсіптегі кез келген проблеманы оңтайлы шешіп, өндірісті тоқтатпаудың жолдарын арттыру партияның басты мақсаты екені айтылды. «Ақ жол» демократиялық партиясы бизнесті қорғау, кәсіпкерлікке жалпы сипаттама беру, нарықтық қатынасты дамыту және өндірістік экономиканы құруды қолдайды. Бұдан басқа, демократтар бағдарламасында жұмыспен қамту жүйесін дамыту, қоғамның жалпы еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету кіреді.
Партия өкілдерінің айтуынша, «Ақ жол» демократиялық партиясы прогрессивті дамудың жақтаушысы. Олар экономиканы нығайту, нарықтық және бәсекелестік қағидаларды дамыту бағытында жұмыс жасамақ. Партия алға қойған мақсатқа жету үшін жаңа мүмкіндіктерді құру бағдарламасын ұсынуда.
Сондай-ақ, үгіт-насихат тобы «City Center» ойын сауық орталығының жалға алушыларымен кездесті. Жиын барысында «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Әлеуметтік әділеттілік - партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі. «Ақжолдықтар» ел азаматтарына деген қамқорлық медицина, білім беру, тұрғын үй және лайықты жұмыстың қолжетімділігімен айқындалады деген ұстанымда. Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін партия несие алуда халыққа бірқатар жеңілдік жасалуы керек деп есептейді. Атап айтқанда, ипотека, тұтыну тауарлары үшін, шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін 7-8% - дан аспайтындай етіп бекуі қажет. Оған қоса халық жинақтарын ұқыпты ұстау үшін БЖЗҚ, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығы да қамтамасыз етілуі керек.
Еңбек ұжымдары «Ақ жолдың» бастамаларына қолдау білдіріп, демократиялық партия ұсынған өзгерістердің дер кезінде және қажет екенін атап өтті.