18
Қыркүйек

“Ақ жол” жарылыстан зардап шеккендерге жылу сыйлады

18 қыркүйек 2021 жыл, “Ақ жол” Демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы

Бүгін “Ақ жол” партиясы таяп қалған қыстың алдын алып, Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккен үш ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға екі вагон көмір таратты. 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына “Ақ жол” партиясы басшылары, Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев, Қазыбек Иса, партияның тексеру комиссиясы төрағасы Болат Өтепбаев, “Ақ жол” партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасы Асан Қошмамбетов және өңірдегі мәслихат депуттаттары мен партия белсенділері барып, халықтың жағдайын біліп, арыздарын тыңдады.

Ауыл тұрғындары халық қалаулыларына риза болып: “Ақ жол” бізге жылу сыйлады! Көмірлеріңіз өмірлерімізге қуат бере берсін!” -деп елдің шын ықыласын білдірді.