14
Желтоқсан

«Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы Ақмола облысындағы «Макинский завод теплоизоляций» кәсіпорыны қызметкерлерімен кездесті

14 желтоқсан 2020 жыл,  «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалының үгіт-насихат тобы Макин қаласында орналасқан «Макинский завод теплоизоляций» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті.

Кәсіпорын  2011 жылы ашылған. Жалпы жоба құны – 8 миллиард теңгені құрайды. Зауыт жылына 34 мың тонна Базальт негізінде жасалатын жылу қаптағыш материалдар өндіреді.  Өндіріс орын ашылғанда 190 адамды жұмыспен қамтыған. 

«Зауыт 2019 жылдың тамызында жұмысын қайта бастап, қолданыстағы өндіріс жоба қуатының 80%-н құрады. 2020 жыл кәсіпорын 15 мың тонна өнім шығардық.  Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтуды көздейміз. Өнім Италия елінен әкелінген заманауи қондырғылар арқылы шығарылады. Зауыт жұмысшыларының орташа жалақысы 140 мың теңгені құрайды» - деді  кәсіпорын басшысы Манатбек Бақтыбаев.

Партияның Ақмола облыстық филиалының үгіт-насихат тобы алдымен өндіріс процесімен танысты.

Мұнан соң жұмысшылармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

«Бұл сайлау әрбіріміз үшін маңызды.  Себебі елімізде тұңғыш рет жергілікті мәслихаттарға депутаттар партиялық тізім бойынша сайланады.  Қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне де ықпалы зор. Әр адам өз таңдауын жасайтыны анық. «Ақ жол» партиясы «Алаш» ұлттық идеясын, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік әділеттілік, сыртқы саясат пен Парламентаризм бағыттары бойынша бағдарламаларын ұсынып отырмыз» - деді филиалы төрағасының орынбасары Бақыт Смағұл. Сондай-ақ Көкшетау қалалық және Бұланды аудандық мәслихаттарына кандидаттар да өз пікірлерін жеткізді.