24
Желтоқсан

«Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы Қостанайда «Агрофирма Ирина и К» кәсіпорнының ұжымымен кездесті

24 желтоқсан 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы

         «Ақ жолдың» партиялық тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат, қоғамдық кәсіпкер М.Жұтаев бизнестің Қостанайдағы жағдайымен жақсы таныс. Пандемия өз өзгертулерін енгізді, алғашқы айларда көптеген адамдар банкротқа ұшырады. Кейбір кәсіпкерлер бірнеше ай шыдай алды. Агрофирма пандемияның барлық сынағына төтеп берді, өндіріс көлемінің төмендеуіне қарамастан, наурыз айынан бастап бірде-бір қызметкер жұмыстан шығарылған жоқ. Айта кетейік, кәсіпорынның отыз жылдық тарихы бар.

         Негізгі қызмет түрі: ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, шұжық, балық өнімдерін және консерві өнімдерін сериялық өндіру және өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс.

         Кәсіпорын жүздеген отбасына жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр, мемлекет қазынасына жүздеген миллион теңге салық төленеді. Серіктестік ұжымы кредиттік рақымшылық жасау, екінші деңгейлі банктердің кредиттік мөлшерлемесін төмендету, коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық, халықтың аз қамтылған топтарын мемлекетпен қолдау және басқа да көптеген мәселелерді көтерді. Кандидат қойылған сұрақтарға жауап берді, әңгіме сындарлы арнаға ауысып, партия бағдарламасы туралы айтылды. Осындай кездесулер «Қостанай Су» МКК, «АБЗ плюс» ЖШС, «Титан» ЖШС, «МегаСтрой» ЖШС және т.б. ұжымдарымен өткізілді.

         Кездесу барысында барлық мәселелер, өтініштер мен сұрақтар жазылып алынды. Депутаттыққа кандидат ретінде филиал төрағасы аймақтағы халықпен кездесулердің қорытындысы бойынша депутаттық сауалдар дайындауға уәде берді.