Азат Перуашевтің Парламент палаталарының Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бойынша бірлескен отырысында сөйлеген сөзі
Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы, Мәулен Сағатханұлы, құрметті әріптестер.
Біздің Фракция жақында өткен Мәжілістің жалпы отырысында қаралып жатқан құжаттарға өз бағасын бергені баршаңызға мәлім.
Оларды талқылау барысында өткен жылдың Қазақстан үшін де, бүкіл адамзат үшін де қаншалықты қиын және қайғылы жыл болғанын ескеру қажет.
"Ақ жол" демократиялық партиясы 2020 жыл сияқты қиын кезеңде бүкіл ел, ең алдымен біздің дәрігерлер, медбикелер, волонтёрлер, кәсіпкерлер, қарапайым адамдар нағыз азаматтық ерлік жасады деп санайды.
Кеше ғана медицина қызметкерлері күні аталып өтті, ал оның қарсаңында Президент Қ.Тоқаев пандемиямен күрескендерге арналған мемориалын ашты.
"Ақ жол" партиясының атынан ажалды індетке қарсы тұрған және осы күресті бүгін де жалғастырып келе жатқан дәрігерлер мен барлық отандастарымызға бас иіп, ерекше құрметімді білдіргім келеді.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, цифрландыру, кәсіпкерлікті қорғау және кредиттеудегі істің жай–күйіне тікелей жауап беретін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мұндай зобалаңға дайын болмай шықты.
Мемлекет басшысы Ұлттық қордан бөлген орасан зор қаражатқа, бұдан да көп жұмыс жасап, бұдан да тиімді пайдалану мүмкін еді, және де қажет еді.
Министрліктер мен ведомстволар басшыларының қайсысы бұл сыннан өткені не өтпегені, бөлінген мемлекеттік қаражаттың қаншама тиімді және ашық қолданылғаныны – енді бұл сұрақтарға олардың өздері мен бақылаушы органдар жауап беруі тиіс.
Алайда, мемлекеттің өмірі мен міндеттері бюджет мәселелерімен ғана шектелмейді.
Сондықтан «Ақ жол» демократиялық партиясы өзінің саяси бағдарламасында Үкіметтің бюджеті ғана емес, сонымен қатар Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын да Парламенттің мақұлдауынан өткізуді ұсынады.
Сол арқылы Үкіметтің жетістіктері мен қателіктері қаражатты игерумен ғана емес, ең алдымен қойылған мақстаттарының орындалуымен бағалауға болады.
Біздің тағы бір бастамамыз – Экономикалық еркіндіктің ұлттық Актісін әзірлеу мен қабылдау.
Осы Актінің құрамында унитарлық (шоғырландырылған) бюджетке көшуіміз керек.
Мұндай форматта министрліктердің бюджеттерін ғана емес, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор, барлық ұлттық компаниялардың, Зейнетақы қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және т.б. міндетті төлемдері бар қорлар мен құрылымдардың бюджетін Парламент ашық талқылап, бекітуі тиіс.
Мұндай унитарлық бюджетте әріптесіміз, сенатор Ольга Перепечина айтқандай, квазимемлекеттік мекемелер бюджеттік ақшаға яхталар, мейрамханалар, отельдер сияқты ысырапшылыққа жол берілмес еді.
Унитарлық бюджеттен күтетін тағы бір нәтиже – ол кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттің шығындарын түрлі КазАгро, Даму банктің, СПК және де басқа «Бәйтерек» сияқты даму институттарының қолынан өтіп, көздеген мақсатына дейін қаржының қаншасы нақты жеткенін салыстыруға мүмкіндік береді.
Соның арқасында бизнесменсымақ шенеуніктердің кеңселері мен премияларына қандай қаражат жұмсалып, ал нақты экономиканың қолдауына не қалатыны оңай анықталар еді.
Бірақ, өкінішке орай, осы біздің ұсыныстарымыз әліге дейін орындалмай жатыр.
Сондықтан бүгін біз Есеп комитеті мен Үкіметтің Есептерін ағымдағы форматта қарастырып отырмыз.
Нужно признать, что даже в этих условиях Счётный комитет провёл большую работу по выявлению пробелов и наведению порядка в использовании бюджетных средств.
Не случайно, в ходе обсуждения Отчёта в Мажилисе, ответы и объяснения некоторых министров вызывали откровенное недоумение.
Всё это результат того, что ведомства работают не с людьми и их проблемами, а с бездушной статистикой. А некоторые руководители министерств увлеклись манипулированием этой самой статистикой настолько, что потеряли обратную связь не только с населением, но и с госорганами на местах.
Сегодня особо хотелось бы отметить, что назрела необходимость совершенствования самого бюджетного законодательства, его методологии и контроля исполнения.
С одной стороны, нужно более ясное и полное видение бюджетных потоков, включая квазигоссектор и внебюджетные, но обязательные платежи; прослеживаемость каждого тенге и его влияния на социально-экономическое развитие страны и решение задач, волнующих общество.
С другой – нужна чёткая персонализация ответственности за использование этих средств, исключающая возможность прикрытия различных манипуляций в этой сфере - бюрократическими процедурами.
Эти меры нужны не только в связи с необходимостью крайне рачительного отношения к бюджету, но и на фоне критического приближения к неснижаемым остаткам Национального фонда. Фракция «Ак жол» в который раз призывает ограничить такие изъятия и остановить проедание средств, которые принадлежат будущим поколениям Казахстана.
Мы требуем от Правительства и его экономического блока разработки новых конкретных подходов в этом направлении. И наша фракция, как, думаю, и все депутаты, будут готовы совместно рассмотреть и поработать над этими изменениями.
Уважаемый Нурлан Зайруллаевич, уважаемый Маулен Сагатханович.
Думаю, никто из присутствующих не заподозрит нашу фракцию в излишних симпатиях к чиновникам.
Мы неоднократно и по делу критиковали руководителей министерств и ведомств, как и Правительство в целом.
Однако принимая во внимание то, в каких тяжелейших условиях локдауна работало Правительство в рассматриваемый период (о чём уже говорили мои коллеги), надеемся, что будут сделаны правильные выводы из состоявшегося обсуждения в Мажилисе, Сенате и на сегодняшнем заседании, включая работу конкретных госорганов и их руководителей.
Поэтому, с учётом обсуждения и высказанных предложений, наша фракция полагает возможным поддержать рассматриваемые Отчеты Правительства и Счетного комитета.
Благодарю за внимание.