6 қараша 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы
Көкшетау қаласында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалының конференциясы өтті.Конференцияға Ақмола облыстық филиалының Көкшетау қалалық және аудандарынан сайланған делегаттар қатысты.
Сондай-ақ ҚР Парламенті депутаты Меруерт Қазбекова Zoom платформасы арқылы онлайн қосылды.
Жиында облыстық филиал төрағасы Борис Мельников филиалдың атқарған жұмысы туралы есеп берді. Мұнан соң партия фракциясының көтеріп жүрген мәселелері мен заңнамаларға енгізілген өзгірістер жөнінде айтылды.