31
Мамыр

«Ақжол» партиясы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні «Алашқа тағзым» шарасын өткізді

31 мамыр 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

         «Ақ жол» демократиялық партиясы Нұр-Сұлтан қаласындағы Сейфуллин-Әуезов көшелері қиылысынан үш көше жүріп, Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш мемориалға келіп, тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.       

         Зұлмат пен зобалаң құрбандарының әруақтарына дұға бағышталып, құран оқылды.

          Мұнан соң Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарына тағзым шарасы АЛЖИР қасірет мемориалында жалғаcты.

         Сондай-ақ «Алашқа тағзым» шарасы Алматы, Талдықорған, Шымкент қалалары мен Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында да өтті.   

         Ақжолдықтар «Алашқа тағзым» шарасын дәстүрге айналдырып келеді.