15
Сәуір

«Ақжолдың» Қарағандыдағы мәслихат депутаттары «Таңшолпан» балаларды қолдау орталығында болды

15 сәуір 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қарағанды облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Қарағанды мәслихат депутаттары «Таңшолпан» балаларды қолдау орталығында болды. Орталық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған.

«Ақжолдықтар» тек орталық әкімшілігімен кездесіп қана қоймай, балалармен де әңгімелесіп, өмір сүру жағдайларымен танысып, оларға сыйлықтар табыстады. Шахтинск қаласының тәрбиеленушісі Аминаны туған күнімен де құттықтады.

«Таңшолпан» орталығында әкімнің басшылығымен жергілікті балалар өзін-өзі басқару органы құрылды, оған барлық қағидалар бойынша сайланады. Орган құрамында әкімнің спорт, мәдениет және басқа да салаларға жауапты орынбасарлары да бар.

Орталық демеушілердің арқасында балалар үйіне тігін машиналарын сатып алған. Қазір орталықа шеберхана жұмыс жасайды. Пандемия кезінде балалар қайта пайдалануға болатын маскалар тіккен.

Сондай-ақ, орталықта ағаш ұстасы шеберханасы бар, онда балалар қосымша мамандықтар бойынша оқиды, 3Д модельдеумен айналысады. Оған қосымша, балалар спортпен белсенді айналысып, көптеген жетістіктер мен марапаттарға ие болған. Орталықтың өзінің дыбыс жазу студиясы да бар.

Әр топта тұрмысқа әлеуметтік бейімделу бөлмелері бар, онда балалар орталықтан шыққан кезде тәуелсіз болу үшін тамақ дайындауды, жууды және үтіктеуді үйренеді.

Ал балалар үйінің Қарқаралы ауданында орналасқан жазғы лагерінде балалар жыл сайын өз демалыстарын өткізеді.

Деседе, орталықтың проблемалары да бар. Балалар үйіне орталық жылыту, аумақты асфальттау қажет. Спорт залының болмауы балаларға дене шынықтырумен және спортпен толық айналысуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, балалардың өз қолдарымен көкөністер өсіре алатын жылыжайға қажеттілік бар.

«Ақ жол» партиясының депутаттары осы мәселелерді шешуге көмек көрсетуге уәде берді.