13
Шілде

«Ақжолдық» депутат Дәния Еспаева Ақтөбе облысындағы Мәртөк ауданына барды

13 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы

Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева Ақтөбе өңіріндегі сапары аясында Мәртөк ауданындағы Қазан ауылында орналасқан «Зару» пантамен емдеу шипажайы мен марал өсіру шаруашылығына барды.

2017 жылы Шығыс Қазақстан облысынан 150 марал әкелген. Сирек кездесетін жануарларды ұстау оңай емес. Кәсіпкер қажырлы еңбектің арқасында бүгінгі таңда маралдардың санын 2 есеге артып, саны 300-ге жеткізген. Халық қалаулысы орталыққа келген демалушылармен пікір алмасты.

Мұнан соң Мәжілісмен Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаевпен кездесіп, ауданның экономикалық және әлеуметтік саласымен  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ Қазан ауылындағы жаңа құрылыс нысандарының жоспарымен танысып, Мәртөк ауылындағы екі пәтерлі жалға беру-коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысын аралап, денешынықтыру-сауықтыру кешеніне барды.