12 мамыр 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы
Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау облысына іссапармен барды.
Сапар аясында халық қалаулысы партияның Атырау облыстық филиалы төрағасының саяси кеңесшісі Әбілхан Сейтімұлымен бірге облыс орталығындағы онкологиялық деспансерде болып, еңбек ұжымымен кездесті. Ол биылғы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мән-маңызына тоқталды.
Кездесу барысында мекеменің бас дәрігері Эльмира Сапарова бастаған дәрігерлер төрт мәселе көтерді.
Біріншіден, соңғы уақытта блогерлердің ақ халаттылардың атын қаралауы жиілеп кетккен. Әйтсе де, оларды тәртіпке шақырып жатқан ешкім жоқ.
Екіншіден, медицина қызметкерлерінің төменгі буыны алатын жалақы тым аз.
Үшіншіден, оларға баспана мен басқа да қажеттіліктеріне орай мемлекет тарапынан жеңілдік жасалмайды.
Төртіншіден, дәрігерлер несиенің үстеме пайызын азайтса деген ұсыныстарын жеткізді. Бұл ретте, Серік Сәрсенұлы несие алмауға құмартпауға кеңес берді. Бірақ, жиналғандар өкінішке қарай, несиесіз әлеуметтік жағдайды түзеу мүмкін болмай отырғанын ашық айтты.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты референдумның нәтижесінде халықтың әлеуметтік мәселелері шешімін табатынына сенім білдірді.