17
Ақпан

«Ақжолдық» депутат Серік Ерубаев Маңғыстау облысына іссапармен барды

17 ақпан 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

17 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Маңғыстау облысында кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесу тізгінін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжанова жүргізді.

Кездесуге «Ақ жол» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы,  Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Жаңбырбай Матаев,  Мұнайлы аудандық мәслихат депутаты Жақсығали Кудайбергенов, “Орда өндірістік компаниясы” ЖШС, “Темиртас -1 “ ЖШС , “Өзен Қойма” ЖШС, “Нурболат Кузет” ЖШС, “Аква - Идеал Кузет” ЖШС, “Бемер Арматура Казахстан” ЖШС директорлары, Маңғыстау облысындағы “Қоғамдық тамақтану қауымдастығының” төрағасы, “Ақтау теңіз сауда порты” ҰК АҚ- ның экономика және қаржы департаментінің өкілдері қатысты.

Маңғыстау облысынында белең алған жұмыссыздық мәселесін шешудің бірден - бір жолы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнестің дамуына жағдау жасау, - деді Серік Ерубаев.

Кәсіпкерлер облыстағы бірқатар күрмеуі шешілмей тұрған мәселелерді көтеріп, өздерінің ұсыныстарын жеткізді.