25 тамыз 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспсөз қызметі
«Ақ жол» фракциясының депутаты Азамат Әбілдаев 23-24 тамыз күндері Жамбыл облысы Шу мен Қордай ауданындағы «Асыл тұқым», «Аңырақай АГРО» ЖШС, «Малдаурен», «Родина» агрофирмалары мен «Алмаз», «Береке» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті.
Жиынға Жамбыл облысы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалының басшысы Нұрғали Сейтбеков қатысты.
Кездесуде шаруашылықтардың қыс мезгіліне дайындығы, жем-шөп көлемі, фермерлер мәселесі туралы айтылды.
Сонымен қатар шаруалардың шаңырғында болып, олардың өтінішін тыңдап, сұрақтарға жауап берді.
Сапар соңында Мәжілісмен Қордай ауданындағы өрістік жер алқабын аралады. Шаруалармен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясында мәселе ретінде көтеретінін жеткізді.