17 ақпан 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының шымкент қалалық филиалы
Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса және Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлімхан Әбжановпен «Гаухар» тігін фабрикасында болды.
Мұнда 300-ге жуық әйел жұмыс істейді, олар Ресей темір жолы мен Ресей қауіпсіздік күштеріне тапсырыстарды орындайды. Бірақ қазақстандық құрылымдардың тапсырыстары бойынша үлкен мәселелер бар.
Содан кейін халық қалаулылары полиция департаментінің офицерлерімен кездесті. Қаңтардың қасіретті күндерінде антқа адалдық танытқан тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.
Мұнан соң депутаттар көшелерге, мемлекеттік мекемелер мен тұрғын үйлердің кіреберістеріне орнатылған 7 мыңнан астам камерасы бар қаладағы қоғамдық тәртіпті бейнебақылаумен айналысатын Ахуалдық орталықта болды. Тәртіпсіздіктер мен қиратулар, қызметкерлерге шабуылдар мен ұрып-соққан сәттер жазылған бейнетаспаларды көрді.
Одан кейін «Жұлдыз» жаңа индустриялық аймағында болды. Жұмыстың бұл форматы (инфрақұрылымы бар, өндіріске жер телімдерін бөлу) Шымкентте үлкен сұранысқа ие. Бұрынғы индустриалды аймақтарда бос орын қалмағандықтан, қала осындай алтыншы аймақты ашты. Алты айдың ішінде мұнда, соның ішінде, шетелдік серіктестермен де, 10 жаңа инвестициялық жоба іске асырылған.
Одан әрі «Оңтүстік» АЭА-да «Химиялық компания» ЖШС-нің жаңа газ-химия кешенінде болды. Өздеріңіз білесіздер, бұл саланың біздің экономикамыз үшін маңызы және болашағы зор.
Түс ауа қалаға жақында ғана қосылған «Ынтымақ-2» шағын ауданына барды. Тұрғындармен кездесуде электр қуатын арттыру, көшелерді асфальттау, ауыл орталығындағы соңғы аялдаманы дұрыстау, көгілдір отынға (дұрысы, тегін қылу деді ақсақалдар) қосу құнын арзандату сияқты талаптарды тыңдады.
Сонымен қатар, тұрғындар әйелдердің зейнет жасын қысқарту, несиені жоғарылату, жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы, жастарға арналған жұмыс орындары, жалақы мен зейнетақыны көтеру мәселелерін көтерді.
Кірме теміржол желілері монополистерінің заңсыздығына тап болған кәсіпкерлерді қабылдадық (тағы да ЦТС компаниясы туралы айтып отырмыз). Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бәсекелестікті дамыту агенттігінің тарифтерді 90 пайызға төмендету туралы шешіміне қарамастан, кәсіпкерлер монополистің жаңа айла-амалдарына шағымдануда.
Мәжілісімендер барлық айтылған фактілер бойынша біздің үкімет пен Бас прокуратураға сұрау жасау үшін жазбаша өтініштер дайындауды сұрады.
Жұмыс күнінің соңында Азат Перуашев пен Қазыбек Иса қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың 27 туыстары мен адвокаттарын қабылдады. Өтініш берушілер балаларының қателікпен немесе ұсақ ұрлық, мысалы, бұзылған дүкеннен екі телефон немесе аударылған көліктен домкрат ұрлау үшін ұсталғанын айтты.
Келіп түскен барлық өтініштер бойынша "ақжолдықтар" Бас прокуратураға босату немесе бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемеге өзгерту мәселесін қарау туралы сауалдар дайындап жатыр.