13
Мамыр

"Ақжолдықтар" "Атырау-жарық" кәсіпорны еңбеккерлерін толғандыратын мәселелерді тыңдады

13 мамыр 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы

Мұнайлы өңірде іссапармен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев "Атырау-Жарық" кәсіпорнының ұжымымен кездесті.

Халық қалаулысымен бірге, партия филиалының саяси кеңесшісі Әбілхан Төлеуішев, аппарат жетекшісі Айсұлу Қондыбаева мен мәслихат депуттары да қатысты.​ Азаматтар​ референдумға бөлінген қомақты​ қаржының жұмсалуы, нарықтағы​ баға​ қымбатшылығы, несие рәсімдеудегі​ үстемелік​ пайыздың​ жоғарылауы, мемлекеттік тіл жайы, сұраныстағы​ маман тапшылығы және басқа да мәселелерді көтерді.​

Айта кетейік, кеше халық қалаулысы облыс орталығындағы онкологиялық деспансерде болып, биылғы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мән-маңызын түсіндірген еді.​ Бұл ретте, Серік Сәрсенұлы Ата Заңның 33 бабына өзгеріс енгізуді көздейтін ​ референдумның нәтижесінде халықтың әлеуметтік мәселелері шешімін табатынына сенімді.

Алдағы уақытта облыс әкімдерін сайлауға да өзгерістер енгізілетін болады. Мәселен, бұрын Президент бір ғана үміткерді ұсынса, енді екеуін ұсынады. Ал, оның қайсысы әкім болуға лайық, бұл облыстық мәслихат сессиясында анықталатын болады.