24 тамыз 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясынан Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов өткен аптада Павлодарда орналасқан еліміздегі алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ -да болды. Зауытта 2,5 мың адам жұмыс істейді, өнімнің 90% экспортталады.
Кәсіпорын жетекшісі Серік Донбекбаев, депутатқа өндіріс барысын, қазіргі жағдайын, компанияның мәселелері мен алдағы даму жоспарымен таныстырды.
Мақсат Раманқұлов аталған кәсіпорында ауаны ластау мәселесіне алаңдаушылық танытты, өйткені партияға осы тақырып бойынша азаматтардан өтініштер түскен болатын.
ҚЭЗ басшылығы компанияда лас ауаны 99,4% жинайтын газ тазартқыш қондырғы орнатылғанын айтты. Бұл көрсеткішті кездесуде болған облыстық экология департаментінің директоры И.Құрамысов растады.
Сондай-ақ, тек тау-кен металлургия кәсіпорындарына ғана қатысты емес, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесі де көтерілді. Павлодар облысында 366 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс істейді. Олардың 0,6% - ы экологиялық талаптарға сәйкес келеді, - деп атап өтті депутат Раманқұлов.
Айта кету керек, ҚЭК шикізат ресурстарын тереңдетіп өңдеуге салынған инвестициялардың табысты үлгісі болып табылады. Пандемияға қарамастан, зауыт ұжымы жоғары ұйымдастырушылық пен өндіріс мәдениетін көрсетіп келеді.
«Ақ жол» партиясының фракциясы инвестициялық және салық саясатын қоса алғанда, осындай өндірістік кәсіпорындарды одан әрі де қолдайтын болады.
Мақсат Раманқұлов "Ақ жол" демократиялық партиясының басшылығы ауыр және аса ауыр еңбек жағдайындағы (1 және 2-тізімдер деп аталатын), соның ішінде тау-кен, металлургия, химия және экономиканың басқа да салалары үшін қызметкерлердің зейнеткерлік жасын төмендетуге ниеті екенін атап өтті.