19
Тамыз

«Ақжолдықтар» «Мектепке жол» акциясын бастады

18 тамыз 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы

«Мектепке жол» қайырымдылық шарасын ақжолдықтар жыл сайын өткізіп келеді. Осы жылы акция Көкшетаудан бастау алды.

«Ақ жол» партиясының Зеренді аудандық мәслихатының депутаты, "Көкшетау сүт зауыты" кәсіпорнының директоры Ерсайын Жақсылықов  «Мектепке жол» қайырымдылық шарасын өткізді.

Шараның басты мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.

Халық қалаулысы жаңа оқу жылы қарсаңында Приречное ауылындағы білім ордасында болды. Мектептің материалдық-техникалық базасымен жан-жақты танысып, ұстаздармен кездесті.

Ұстаздар білім ошағының интернет желісі ара-тұра дұрыс істемейтінін тілге тиек етті. Депутат Ерсайын Жақсылықов кездесуде айылған барлық мәселелердің шешілуіне ықпал жасайтынын жеткізді.

Мұнан соң Приречное ауылдағы 3 отбасының балаларына (7 оқушыға) жаңа оқу жылында білім алуға қажетті құралдар салынған арнайы сөмке үлестірілді.

«Ақжолдықтар» бұл акцияны әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр.