08
Сәуір

«Ақжолдықтар» Өскемен қаласында партияның 20 жылдығына шағын футболдан турнир ұйымдастырды

8 сәуір 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақжолдықтар» Өскемен қаласында партияның 20 жылдығына шағын футболдан турнир ұйымдастырды. Іс-шара 8 сәуірде «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен өтті. Турнир өңір тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өңірде шағын футболды одан әрі дамыту және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Турнирге 16 өтінім іріктелді. Жеребе бойынша барлық командалар төрт топқа бөлінді. 9-10 сәуірде "Восток" стадионында топтық ойындар өтті.

Ойынды турнирдің басты ұйымдастырушылары: "Ақ жол" партиясы атынан облыстық мәслихаттың депутаты Талғат Құрманғалиев пен «Ақ жол» партиясының ШҚ филиалының төрағасы Мақсат Шәкіров ашты.    

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша 8 мықты команда анықталды. Олар: "Марқакөл" ӘФК, "Шығыс" ӘФК, "Жоламан Холанд" ӘФК, "Кеден" ӘФК, "Аблакетка" ӘФК, "Динамо ДП" ӘФК, "Алтай Чемпион" ӘФК, "Металлург" ӘФК. Әр топтан - екі командадан. Келесі демалыс күндері турнирдің 1/4, 1/2 матчтары өтеді, содан кейін финал чемпионды анықтайды.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.