22
Ақпан

"Ақжолдықтар" шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

22 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Аймаққа арнайы іс-сапармен келген Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» фракциясының мүшелері Ерлан Барлыбаев пен Мақсат Раманқұлов облыс орталығындағы шағын және орта бизнестің өкілдерімен кездесті.

Депутаттар "Демек" қоғамдық бірлестіктің жұмысымен танысты. "Демеу" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Біржан Қожақов партия өкілдеріне пандемия кезінде кәсібін жүргізу қиын болғанын айтады.

  • Бұрын 35 адамды жұмыспен қамтып отырдым, қазір жұмысшылардың саны 10-ға жетпейді. Локдаун мен тапсырыстың жоқтығынан қызметкерлердің санын қысқартуға тура келді. Кәсіпті де дөңгелету үшін түрлі құрылғыларды сатып алу қажет, бірақ қымбат станоктарды сатып алуға шамам келмейді. Керек-жараққа қол жеткізу үшін тіпті несие де берілмейді, - деді кәсіпкер.

"Ақ жол" партиясының депуттаттары кәсіпкерлерге тиісті сертификаттарды алуда қиындықтар барын жасырмады.

Бизнес субъектісі индустриалды сертификатты алу үшін шамамен 1 млн 200 мың теңгедей қаражат төлеу керек екен. Орал қаласына табан тіреген ел ағалары кәсіпкердің жан айқайын биік мінберлерде көтеруге және несие беруде кепілдік беру мәселесін қарастыруға өз үндерін қосуға атсалысатындарын атап өтті.

Одан әрі «Ақ жол» фракциясының депутаттары Ерлан Барлыбаев пен Мақсат Раманқұлов Батыс Қазақстандағы бизнес субъектілерінің бірқатар өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы қордаланған мәселелерінің шешу жолдарын талқылады  

Бұл күнгі басқосуда "Қаңтар оқиғасы" да сөз болды. Осы оқиғада кәсіпкерлік салаға да аса ірі көлемдігі шығын келуі себепті бизнес субъектілер қазір мемлекет қолдауына зәру. Өйткені қарпайым халықтың 40 пайызын жеке кәсіпкерлер жұмыспен қамтып отыр.

Депутаттармен кездесу барысында шешімін таба алмай жүрген проблемалар талқыға салынды. Солардың бірі - елдімекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жәйі. Пандемия еліміздегі цифрлық саланы дамыту қажеттігін дәлелдеп берді.

Одан кейінгі мәселе-халықтың денсаулығы. Бұқаралық спортты дамытудағы қағаз жүзіндегі мәлеметтер шындыққа жанаспайды.

Депутаттардың айтуынша, соңғы уақытта спорт кешендері халық мүддесі үшін қолданылмай отыр. Аймақтық спортты дамытуға бөлінген қаражаттың орынсыз жұмсалуы байқалып отыр.

Қалалық мәслихат депутаты Юрий Казанин осы мәселелерге баса назар аударуды сұрады. "Ақжолдықтар" аталған мәселелер алдағы уақытта міндетті түрде қарастырылатынын және жергілікті депутаттар да өз кезегінде барынша жұмыс жасап, мәселелердің шешімін табуда аянбай еңбек етулерін тілге тиек етті.

Қазіргі таңда халықтың болашақтан күтері зор. Сол себепті депутаттар халық үнін жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, барлық мәселелер «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмысында қаралатынын айтты.