21
Қыркүйек

«Ақжолдықтардың» араласуымен ауыз су мәселесі шешілді

21 қыркүйек 2021 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан Қостанай аудандық мәслихатының депутаттары  Мешіт Ғазиз бен Әлия Жұнісова Қостанай қаласынан Заречный ауылы арқылы Октябрь ауылын дейін тартылып жатқан ауыз су құрлысы  жобасының іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Бұл жоба бойынша Қостанай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Құрманғалиевтың ақпараты бойынша жобаның құны 1,3 млрд. теңгені құрайды. Биыл 405 миллион теңгені игеру жоспарланып отыр. Жобаны толық іске қосылуы 2023 жылы деп жоспарлануда.

Жасыратыны жоқ соңғы 3 жылда жаз келісімен Қостанай қаласының іргесіндегі Заречный мен Тобыл қаласына беріліп тұрған ауыз су қоры жетпей үнемдеп беруге мәжбүр болып отыр. Осы мәселе «Ақ жол» партиясынан  Қостанай аудандық мәслихатының депутаттары Мешіт Ғазиз бен Әлия Жұнісованың сайлауалды бағдарлмасында негізгі мәселелердің бірі болатын. Париямыздың қос депутатының тындырымды жұмыстарының арқасында осынау өткір мәселені шешуге облыстық қазынадан 1,3 млрд теңге бөлдіртіп, жаңа су құбыры желісін салуға ықпал жасады.

Нәтижесінде қазіргі таңда аталмыш нысанда құрылыс жұмысары басталып кетті. Мердігер мекеменің айтуынша, қысқа дейін су құбыры 6.6 шақырым қашықтыққа тартылып, Заречный ауылын қоспақ. Ал келер жылдары 40 шақырымдық Октябрь ауылына таза ауыз суды жеткізу жоспарда бар. Осылайша «ақжолдықтардың» араласуымен 60 мыңға жуық тұрғын жақын арада ауыз судың азабынан құтылмақ.