Қарағандыда мем.органдар мен бизнес өкілдерінің
қатысуымен жаңа Салық кодексінің әкімшілендіру бөлігіндегі тәсілдері
талқыладық. Жобаны Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мен Қаржы
министрлігі Мем.кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов
таныстырды.
Кәсіпкерлер қойған сұрақтар мен жалпы талқылау өте қызу
өтті. Заңгер Жанна Сердалина мәмілелерді жарамсыз тану мәселесіне қатысты
баламалы тәсілдерді таныстырса, жергілікті кәсіпкерлер Төлеген Әшімов, Оксана
Бойко, Сара Жүнісова, Марина Бошель, Айнұр Балакешева, Мархабат Балғабай және
өзгелері пилоттық жобаларға қатысты бірқатар өзекті мәселелер, Арселор
Митталдың жеткізілген өнім үшін 5 айға шегерген төлемдер, бөлшек сауда салығы,
ҚҚС мөлшерлемесі және т.б. туралы айтты.
Қарағанды облыстық сотының судьясы Жақсылық Баймолдин мен облыс прокурорының аға көмекшісі Ирина Ким де өз ұстанымдарын білдірді.
Кәсіпкерлердің ұстанымы мен ұсыныстары «Ақ жол» фракциясы
депутаттарының Салық кодексі бойынша алдағы жұмысында қарастырылатын болады.