14 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының мүшесі, мәслихат
депутаты Қараханов Марат аудан әкімі Н. Борсықбаевтың Суықбұлақ кенті мен Шар
қаласында өткен есепті кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында:
🔹 Суықбұлақта –
электр желілеріне қатысты түйткілдер мен Жайма ауылының көпірін қалпына келтіру
мәселесі;
🔹 Шар қаласында –
қаланың әлеуетін арттыру, бос тұрған пошта ғимаратын қайта қалпына келтіру
ұсыныстары талқыланды.
Барлық айтылған ұсыныстар мен талаптар
талданып, маңызды мәселелер алдағы 3 жылдық жоспарға енгізілетіні атап өтілді.
Ашық диалог, қоғамдық бақылау және
халықпен тік байланыс — «Ақ жол» партиясының негізгі қағидалары.
