22
Сәуір

Қараой ауылындағы тұрғындардың әлеуметтік мәселелері бойынша кездесу өтті

22 сәуір 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Бүгін 22 сәуір 2025 жылы Алматы облысы, Іле ауданы Қараой ауылдық аумағына қарасты “Финансист” бау - бақша серіктестігіне тұрғындардың Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясы филиалына және “Ақ жол” демпартиясынан сайланған облыстық маслихат депутаты Горяной С.В жазған хаттары кездесуге себеп болды. Кездесуге Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясының басшысы Шынасилова М, филиал басшысының орынбасары Сағымбекұлы А және облыстық маслихатқа “Ақ жол” демпартиясынан депутат Горяной С.В барды.

Кездесуде көтерілген ең басты мәселелер;

1. Ауыз сумен қамтамасыз ету;

2. Газ құбырларын жүргізіп тұрғындардың үйлеріне газ кіргізу;

3. ⁠Ауыл ішіне жол салу;

Бұл бау - бақша серіктестігінде 80 түтің тұрады. Біраз тұрғындардын басқа баспаналары жоқ. Қысы жазы осы жерде тұрады. Кооператив басшысы Стрелина Любовь Александровнаның айтуынша бір қатар тұрғындардың әлеуметтік жағдайлары төмен. Қазіргі уақытта өз қаражаттарына скважина қаздырып, суды сол жерден тасып ішеді. Қыстың күні үлкен жастағы тұрғындарға су тасып ішу қиындай түсетіңдігін айтты. Барлықтарыңыз білетіңдей бау - бақша серіктестіктеріндегі түрлі туындап отыратын әлеуметтік жағдайлар жыл сайын күрделеніп келе жатыр. Олардың өтініштері осындай серіктестерді жақын жерде орналасқан ауылдарға қосу.

Біз өз тарапымыздан аудандық әкімшілікке хат дайындап, ауданның осы мәселеге деген қөзқарасын білетін боламыз. Мүмкіндік болып жатса қойылған сұрақтарға қандай да бір шешім табуларын сұраймыз.