05
Наурыз

Ардақ Үсейінова Атырауда өткен Рахымжан Отарбаев шығармашылығына арналған республикалық конференцияға қатысты

5 наурыз 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз хатшысы, журналист, жазушы Ардақ Үсейінова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен «Рахымжан Отарбаев шығармашылығы: дәстүр мен жаңашылдық – 2» республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

2-3 наурыз аралығында өткен конференцияда филолог ғалымдар, әдебиеттанушылар, рахымжантанушылар жазушы шығармашылығының сан қырына тоқталып, баяндама жасады.

Ардақ Үсейінова 2009 жылғы Жамбыл облысының әкімінің Әдебиет номинациясы бойынша арнайы сыйақысының иегері. 2010 жылы көркем очерктер байқауының жеңімпазы, 2020 жылы Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сын байқауында «Ащы ақиқат» әдеби-сын мақаласы ынталандыру сыйлығын иеленген. Жамбыл облысындағы ашаршылық жылдарындағы деректер мен әңгімелерді топтастырған тарихи-деректі жинаққа «Талқан», «Қара қарға» деректі әңгімелері енген. «Құмсағат» атты аллигат (кері кітап) форматындағы прозалық жинақтың авторы.