08
Мамыр

«Ардагерлерге тағзым» акциясына аясында ардагерлерге құрмет көрсетілді

8 мамыр 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

9 мамыр Жеңіс күніне орай «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясына «Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалыда үлес қосып, өңірдегі ардагерлерге құрмет көрсетті.

Акция аясында білім, ветеринария, жылқы және ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлердің шаңырағына барды.

«Ақжолдықтар» қарияларды мерекемен құттықтап, қал-жағдайларын сұрап әңгімелесті.

Сондай-ақ себет толы тәттілер мен жемістер табыс етті. Ардагерлер өз кезегінде ризашылықтарын айтып, баталарын берді.