30
Шілде

Қарттар - қазынамыз

30 шілде күні «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Дәурен Босымбаев Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ» мекемесіне   барып, ондағы ата-әжелердің жағдайыларымен танысып, мұң-мұқтаждарын тыңдап қайтты.

Кездесу барысында көптеген келелі мәселелер көтеріліп, өнегелі әңгімелер қозғалды.  Атап айтқанда, "Қарттар үйінде" қариялардың тамақтануы, дәрі-дәрмектер мен маусымдық киімдермен қамтамасыз етілуі, санитарлық жағдайы бойынша сөз қозғалды.