18
Қыркүйек

АЭС салуды қолдау бойынша Ақтөбе облысының ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

18 қыркүйек 2024 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы

АЭС салуды қолдау жөніндегі Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық Халықтық штаб мүшелері Қаратоғай ауылының тұрғындарымен кездесті. Штаб мүшесінің бірі «Ақ жол» партиясының депутаты Мейрхан Рамазанұлы Дияров кездесуде АЭС құрылысының экономикалық және энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан маңыздылығын айтып өтті. Энергия ресурстарын үнемдеуге қаншалықты ықпал ететінін түсіндірді. Сонымен қатар, жиынға қатысушыларды 6 қазан күні референдумға келіп дауыс беруге шақырды.