11
Қыркүйек

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Ақтаудағы Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің ұстаздары және студенттерімен кездесті

11 қыркүйек 2024 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

Бүгін Халықтық штаб өкілдері Ақтаудағы Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің ұстаздары және студенттерімен кездесті.

Кездесуде штаб өкілдері АЭС құрылысы жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елімізде озық технологияларды енгізуге, шетелдік инвестицияларды көбірек тартуға, өндірісті ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ 6 қазан жалпыхалықтың референдумға қатысуға шақырды.

Жиын барысында студенттер референдум бойынша толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Кездесу соңында ұстаздар мен студенттер алдағы референдумға белсенді қатысып, дауыс беруге баратындарын жеткізді.