14 қыркүйек 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Бүгін АЭС салуды қолдау бойынша облыстық
халықтық штаб мүшесі, Жамбыл облыстық мәслихатына «Ақ жол» партиясынан
сайланған депутат Дәурен Ахметжаев штаб мүшелерімен бірге Тараз металлургия
зауытында кездесу өткізді.
Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық
өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының басым бағыттары айтылды. Ақжолдық
депутат соның ішінде төртінші бағытқа кеңірек тоқталды.
«Мемлекет басшысының: «Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек», деген сөзі ел өміріндегі маңызды қадамдар қоғам талқылауынан өтіп барып, шешім қабылданатынын көрсетеді. Ал халық таңдау жасарда әр мәселеге объективті қарауы керек», - деді Дәурен Ахметжаев.
Осындай кездесу "Энерджи-Тараз"
ЖШС-інде өтіп, штаб мүшелері кәсіпорын жұмысшылары арасында түсіндіру
жұмыстарын жүргізді.
АЭС салуды қолдау бойынша Байзақ аудандық
халықтық штаб мүшесі, аудандық мәслихатқа «Ақ жол» партиясынан сайланған Ләйлә
Бесбаева штаб мүшелерімен бірге аудандық емхана ұжымымен кездесу өткізді.
Жиынды емхана бас дәрігерінің орынбасары
Мырзағали Мадимаров ашып жүргізіп отырды. Кездесуде штаб мүшелері республикалық
референдум қарсаңында осы тарихи оқиғаның маңыздылығы мен АЭС құрылысы мен атом
энергетикасын дамыту перспективалары туралы жеткізді.
Дәл осындай жиын Дихан ауылдық клубында
өтті.
«АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық
халықтық штаб мүшелері Дихан ауылының тұрғындарымен кездестік. Кездесуде 6
қазан күні өтетін жалпыұлттық референдумның маңызы жайлы айтып, елдегі, жалпы
жаһандағы энергия тапшылығы мәселесін қозғадық», - дейді Ләйлә Бесбаева.