12
Қыркүйек

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері жастармен кездесті

2024 жыл 12 қыркүйек, Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері жастармен кездесу өткізді.

Кездесуде штаб мүшелері Ғазиза Тәжібаева, Анар Шамшадинова, Ермұрат Мекеев, Өркен Сарман, Абзал Марат және Айжамал Тлмисова елдегі энергетика тапшылығына тоқталып, мәселенің алдын алуға бағытталған жұмыстарды атап өтті. Бұл қадам зауыттардың, фабрикалардың өндіріс шығынын азайтып, өз тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ штаб өкілдері жастарды 6 қазанда өтетін референдумға белсенді қатысға шақырды.