24
Сәуір

Асқар Смағұлов денсаулық сақтау жобаларын бақылау мақсатында нысандарды аралады

24 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

Астана қалалық «Ақ жол» ҚДП филиалының төрағасы, мәслихаттағы әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны басқаратын Смағұлов А.С. денсаулық сақтау саласындағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында көшпелі жұмыс кеңесі аясында нысандарды аралады.

Инспекциялық сапар барысында медициналық қызметкерлерге арналған үш тұрғын блоктан тұратын жатақхананың құрылысы тексерілді. Сонымен қатар делегация №3 көпсалалы аурухана мен қазіргі уақытта ғимараттары мен жекелеген бөлімдерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жұқпалы аурулар ауруханасына барды.

Ерекше назар Интернациональный тұрғын алабында салынады деп жоспарланған жаңа медициналық пункт орналасатын жер теліміне аударылды. Жақын арада тиісті сала мамандарының қатысуымен болашақ мекеменің форматы қарастырылатын болады.