23
Сәуір

Асқар Смағұлов Есіл және Нұра аудандарында өткен отырыстарға қатысты

23 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

«Ақ жол» ҚДП-ның Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Смағұлов А.С. Есіл және Нұра аудандарында өткен отырыстарға қатысты.

Депутаттар және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, тұрғындардың мектептер мен медициналық мекемелердің жетіспеушілігі, жолдардың жағдайы, қоғамдық көліктің жұмысы және абаттандыру мәселелері бойынша өтініштері қаралды. Смагулов А.С. жетекшілік ететін комиссияның құзыретіне кіретін әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жеке талқыланды.

Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударылды. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.