20 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты
Ақманат Төлегенова жылдағы дәстүрмен өзі сайланған Тасбөгет кентіндегі №257 мектеп түлектерінің бірге оқыған достары, марқұм болған Асқар
Қуанышұлы мен Мағжан Рахымжанұлын еске алу
құрметіне орай 12 команданың арасында өткен шағын (кіші) футбол спорттық шарасына
қатысып, ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Спорттық шараның басты мақсаты - жас жеткіншектерді спортқа баулып,
достыққа адал болып, туған жердің қадір-қасиетін дәріптеп, ауызбіршілік пен азаматтық белсенділіктің,
елге деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсету және жастарды спортқа баулы
қана қоймай, патриоттық рухты ояту.
Жоғары деңгейде өткен турнир жеңімпаздары лайықты марапаттарға ие болып,
көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.