22
Сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді

22 сәуір 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы SPK Turkistan индустриалды паркіне барды.

Бүгінде бұл жерде жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Мұнда жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелері, ауыл шаруашылығы тракторлары, білім және медицина мекемелеріне арналған жиһаздар, есіктер мен өндірістік тоңазытқыштар шығарылады.

Кездесуге «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Батырбек Аширбаев қатысты.

Өндіріс паркін дамытудың келесі кезеңінде 70 гектар аумаққа 112 ғимарат салу және жалпы сомасы 39,7 миллиард теңгені құрайтын 13 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов ғарыш саласы, машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде жұмыс істейтін қазақстандық өндірушілердің көрмесін тамашалады.

Экспозицияда отандық кәсіпорындардың автокөліктері, ауыл шаруашылығы техникалары, тұрмыстық техника, медициналық құрылғылар, өндірістік аккумуляторлар, жиһаз, текстиль, киім және басқа да тауарлар ұсынылды.