31
Қазан

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Шымкент қалалық қоғамдық штаб мүшелері Еңбекші ауданында болды

31 қазан 2022 жыл, «Ақ жол» демпартиясының Шымкент қалалық филиалы

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Шымкент қалалық қоғамдық штаб өкілдері  Еңбекші ауданында орналасқан №2 аурухана ұжымымен кездесті.

Штаб құрамындағы Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, «Ақ жол» демпартиясының Шымкент қалалық мәслихат депутаты Ноян Төлегенов, «Аманат» партиясының  Шымкент қалалық мәслихат депутаты Гүлнар Құрманбекова Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасындағы 3 қағиданы түсіндірді.


- «Бір Отан, бір мемлекет, бір халық» деген аса терең мағыналы сөз баршамызға  қатты әсер етті. Біз ортақ іске жұмылып, туған жерімізді гүлдендіру керекпіз. Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында барлық бағыт қамтылған. Қоғам болып қолдап, жүзеге асыратын болсақ, болашығымыз айқын болатыны сөзсіз», - деп атап өтті Бахадыр Нарымбетов.

Штаб құрамындағы «Ақ жол» демпартиясының Шымкент қалалық мәслихат депутаты Ноян Төлегенов «Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында да, Сайлауалды бағдарламасында да халықтың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру, медицина мамандарын даярлау ісі мен профилактикалық жұмыстардың да қарқын алып, әрбір қала мен аудан орталықтарында сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетіні айтылғанын атап өтті.

- «Ал, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көбейіп, дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін медицина мамандарының мәртебесі заң жүзінде бекітілмек. «Әділетті қоғам» құрудың негізі елде жүргізіліп жатқан саяси реформалардан бастау алада. Біз «Әділетті Қазақстанды» қалыптастыру ісін біріккенде ғана жүзеге асыра аламыз» - деді Ноян Төлегенов.

Штаб өкілдері емхана қызметкерлерін 20 қараша күні сайлауға келіп, өз таңдауларын жасауға шақырды.