Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Тараз қалалық қоғамдық штабтың
өкілдері Көлтоған ауылының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат
жұмыстарын жүргізді.
Штаб құрамындағы «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалының мүшелері Әлмахан
Мәдібеков пен Қазақстан Халық партиясының Жуалы аудандық мәслихат депутаты
Жәнібек Исаев ауыл халқына Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз
және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасындағы 3
қағиданы түсіндіріп, «Әділетті қоғам» құрудың негізі елде жүргізіліп жатқан
саяси реформалардан бастау алатынын тілге тиек етті.
Мұнан соң Тараз қалалық қоғамдық штабтың өкілдері шаһардағы сауда
нысандарын аралап, 13 шағын ауданындағы «Әлеуметтік дүкен» мен «Себет» сауда үйіндегі
кәсіпкерлермен жүздесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Штаб құрамындағы «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиал төрағасының
кеңесшісі Берік Тлебаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы
«Әділетті экономика» қағидатының кәсіпкерлерге ашық бәсекелестікке жол ашатынын
атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан
ұлттық экономиканы дамыту және жеке бизнесті ынталандыру жөніндегі
басымдықтарға тоқталып, «Әділетті экономика» қағидатын түсіндірді.
Сондай-ақ штаб мүшелері осы аумақтағы орта мектепке де атбасын бұрып, жас жаттықтырушыларға Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасындағы негізгі қағидаттарды түсіндірді.
Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Меркі аудандық
қоғамдық штабтың өкілдері аудандағы бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесті.
Штаб құрамындағы «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалының Меркі
ауданындағы үйлестірушісі Серік Мақажанов кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың
«Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды
бағдарламасындағы 3 қағидаға тоқталып, меркеліктерді
20 қараша күні сайлауға келіп, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Кездесуде азаматтар «Әділетті қоғам», «Әділетті экономика» қағидалары
туралы сұрақтар қойды. Штаб өкілдері «Әділетті мемлекет» құрудағы басымдық осы
екі қағидаға негізделгенін атап өтті.