30 маусым 2023 жыл, «Ақ жол» дкомкратиялық партиясының Астана қалалық филиалы
Биылғы жылдың 30 маусымында «Ақ жол» демпартиясы Астана қалалық филиалында «Әлемдегі заманауи саяси технологиялар» атты іс-шара өтті. Қаланың әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттері шараға белсенді қатысып, ұсынылған тақырыпқа қызығушылық танытты.
Шара барысында «Ақ жол» партиясы қалалық филиалының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі Әмірлан Нұрғазин заманауи саяси технологиялар туралы таныстырылым жасады. Ол әлеуметтік желіні пайдалану, цифрлық маркетинг және аналитикалық құралдар сияқты саяси технологиялардың бірқатар түрлерін қарастырды.
Баяндамашы, сонымен қатар, өзге елдерде саяси технологияларды сәтті қолдану мысалдарын келтіріп, этикалық және құқықтық аспектілерін сараптады.
Баяндамадан кейінгі пікірталас аясында қатысушылар сұрақтар қойып, заманауи саяси дамуға саяси технологиялардың ықпалын белсенді түрде талқылады. Талқылау барысында саяси технологиялардың жастарды саяси белсенділікке тартудың мүмкіндіктері туралы алуан пікірлер айтылды.
Қатысушылар пікірталасқа ерен қызығушылық пен белсенділік танытып, өзара тәжірибе алмасты. Жалпы, саяси технологияларға арналған шара қатысушылардың жағымды пікірлерін қалыптастырды.
Олар спикердің баяндамасы мазмұнды әрі қызықты болғанын, талқылау пікір алмасуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Іс-шара студенттерге саяси үдеріске жаңа қырынан қарап, қазіргі әлемдегі заманауи саяси технологияларды қолданудың маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, олар бұл шараның өзекті мәселелерді талқылап, ой-өрісін кеңейтуге тамаша алаң болғанын жеткізді. Жалпы пікірталас клубының отырысы сәтті өтіп, қатысушылар оң бағасын берді. Олар алдағы уақытта да осындай іс-шараларға қатысып, саяси қызмет саласындағы білімдері мен дағдыларын одан әрі шыңдауға ниет білдірді.