11 қыркүйек
2024 жыл, Астана қалалық филиалы
Бүгін Астана қаласында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен АЭС құрылысы жөніндегі Халықтық штабының кездесуі өтті.
Кездесуде штаб өкілдері АЭС құрылысы жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елімізде озық технологияларды енгізуге, шетелдік инвестицияларды көбірек тартуға, өндірісті ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін айтты.
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Астана
қалалық филиалынан төраға орынбасары А.Әбенов пен қалалық кеңесінің
депутаты М.Бектев
қатысты.