3 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы
Бүгін Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырыста
"Ақ жол" ҚДП Астана қалалық филиалының төрағасы, сондай-ақ елорда
мәслихатының төрағасы міндетін атқарушы Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы құттықтау
сөз сөйлеп, Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлануымен құттықтап, елорда
тұрғындарының игілігі үшін жемісті жұмыс тіледі.
Қоғамдық кеңеске қатысу үшін конкурс аясында 70-тен астам үміткерден өтініш
келіп түсті. Әрбір кандидатпен жеке сұхбат жүргізілді. Ашық дауыс беру
нәтижелері бойынша және жинаған баллдарына сәйкес 31 адам сайланып, тағы 12
кандидат резервтік тізімге енгізілді.
Жаңа кеңестің құрамына 19 ер адам және 12 әйел адам енді. Айта кетерлігі,
кеңес құрамына мемлекеттік қызметкерлер, қазіргі Парламент пен мәслихат
депутаттары кірген жоқ. Кеңеске сайланғандардың қатарында қоғам қайраткерлері,
білім беру саласының қызметкерлері, журналисттер, кәсіпкерлер, заңгерлер және
түрлі саланың мамандары бар.