30
Сәуір

Астанада өткен Халықаралық еңбек қауіпсіздігі форумына «Ақ жол» ҚДП Астана филиалы қатысты

30 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Астана қалалық кеңесінің мүшесі Асия Құлдыбаева Астанада өткен «Қауіпсіз еңбек: жаңа сын-қатерлер мен цифрлық шешімдер» атты Халықаралық еңбек қауіпсіздігі форумының дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шараға Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен салалық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Форумның басты тақырыбы – отандық кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру, соның ішінде жаңа цифрлық шешімдерді енгізу арқылы. Асия Құлдыбаеваның айтуынша, мұндай алаңдарға қатысу – еңбек қауіпсіздігі саласындағы заманауи тәсілдерді дамытуға және мемлекет, бизнес пен кәсіби қауымдастық арасындағы диалогты нығайтуға ықпал етеді.